Мемлекеттік тілдің күрескері Өмірзақ Айтбаевтың туғанына 90 жыл

Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Биыл белгілі филолог, академик Өмірзақ Айтбаевтың туғанына 90 жыл толады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Академик саналы ғұмырында 500-ден аса ғылыми еңбек жазды. Сонымен қатар қазақ тілінің термиологиясы туралы 20-дан аса кітап пен монографияның авторы. "Мемлекеттік тілдің күрескері атанған Өмірзақ Айтбаев 1989 жылы "Қазақ тілі" қоғамын құрып, "Тіл туралы" заңның қабылдануына үлкен үлес қосты. Мұндай еңбек пен ерлікті қазақ елі ұмытпауы керек", - дейді ғалымдар. Өмірзақ Айтбаев 1936 жылы 5 сәуірде Түркістан облысындағы Балтакөл ауылында дүниеге келді. "Құрмет", "Парасат"ордендерімен марапатталған, деп хабарлайды 24kz.

"Бұл біздің филология зерттеу орталығының, университеттің және мына қазақ тілі қоғамының ұйымдастырып жатқан шарасы. Бұл кісінің ғалымдығы емес, ғылымды дамытудағы қоғамдық ұйымдардың рөліне акцент түсіріп өткізіп жатырмыз. Неге? Өйткені бұл кісі – қоғам қайраткері ретінде бүкіл бір ұлт руханиятына қызмет істеген жан. Мемлекеттік тілдің дамуына, оның қолдану аясы кеңеюіне үлкен шаруа жасаған адам". Кәрімбек Құрманәлиев, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА академигі

Бар ғұмырын қазақ тілінің дамуына арнаған ғалымды Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қабырғасында еске алып, мемлекеттік тілдің мерейін арттыру жолындағы еңбегі айтылды

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды