Қазақстанда ЖЭО құрылысы кімнің есебінен жүргізіледі

Фото: akorda.kz
2026 жылғы 7 сәуірде Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкімет кулуарында Қазақстанда жылу электр орталықтарын (ЖЭО) салу қалай қаржыландырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Энергетика министрлігінің Қазақстанда үш жаңа ЖЭО салу мәселесінде ресейлік қаржыландырудан түбегейлі бас тартқан-тартпағанын сұрады.

"Иә. Үш ЖЭО-ның құрылысы "Самұрық-Энерго" АҚ-ға тапсырылды. EPC-келісімшарттар жасалды, олардың аясында ресейлік мердігерлер жоқ. Құрылысты қазақстандық компаниялар жүргізеді. Көкшетау ЖЭО-сының құны шамамен 350 млрд теңге, ал Семей мен Өскемендегі екі ЖЭО-ның құны шамамен 400 млрд теңгені құрайды, себебі олардың қуаты жоғары", – деді Сунғат Есімханов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жалпы қуаты 2,5 ГВт болатын 11 қолданыстағы энергия көзін жаңғырту бюджет қаражаты есебінен емес, қарыз қаражаттарын тарту арқылы жүзеге асырылады.

Бұған дейін Сунғат Есімханов Павлодардағы ЖЭО-2-нің алдағы тағдыры туралы да пікір білдірген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда ветеринар мамандарға қосымша төлемдер мен үстемақылар енгізу ұсынылды

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Павлодарда балық аулау дүкені өртеніп, 16 адам эвакуацияланды

Ресейде бес жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінген әйел кінәсін толық мойындады

Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес – сарапшылар дабыл қағуда