Аталған пилоттық жоба Алматы қаласы полиция департаментімен балаларды қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздік саласына цифрлық технологияларды енгізу міндеттері аясында жүзеге асырылып жатыр.
Роботтандырылған құрылғылар мобильді патрульдеу және мониторинг функцияларын орындайды. Олар белгіленген маршруттар бойынша автономды түрде қозғалып, бейнебақылау жүргізіп, ақпаратты нақты уақыт режимінде орталықтандырылған бақылау жүйелеріне жолдай алады.
Қолданылып жатқан технологиялар автоматты режимде әлеуетті қауіпті жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, адамдардың шоғырлануы, агрессивті мінез-құлық белгілері, сондай-ақ түтіндену, өрт шығу қаупі және өзге де оқиғалар тіркеледі. Сонымен қатар жүйе тұлғаларды және көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тануға, сондай-ақ мінез-құлық сценарийлерін талдауға қабілетті.
Жедел әрекет ету мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылған: штаттан тыс жағдай анықталған сәтте ақпарат автоматты түрде тиісті қызметтерге жіберіліп, жедел шаралар қабылданады.
Қазіргі кезеңде роботтандырылған кешендер қаланың бір мектебінде сынақтан өткізілуде. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша технологияның тиімділігіне баға беріліп, оны әрі қарай ауқымды енгізу мәселесі қарастырылады.
Аталған бастама қауіпсіздікті қамтамасыз етудің проактивті моделін қалыптастыруға бағытталған. Бұл ретте заманауи технологиялар қауіп-қатерлердің алдын алып, кез келген тәуекелдерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді.