Астана маңындағы бір отбасының өлімі: ІІМ тергеу жайын айтты

Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов 2026 жылғы 8 сәуірде Мәжіліс кулуарында Астана маңындағы елді мекенде болған отбасы қырғынына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, аталған қылмыстық іс бойынша тергеу әлі де жалғасып жатыр. Тергеу аясында психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалған.

"Иә, бұл іс бойынша бұрын сотталған адам күдікке ілінді. Ол бұған дейінгі тергеулерде де есі дұрыс емес деп танылған. Қазір психиатриялық сараптаманың нәтижесін күту қажет. Өйткені оның қорытындысына байланысты іс не айыптау актісімен сотқа жолданады (егер ол есі дұрыс деп танылса), не болмаса оған мәжбүрлі медициналық шаралар қолдану үшін сотқа жіберіледі", – деді ол.

Еске салсақ, 2026 жылғы 2 наурызда әлеуметтік желілерде Астана маңындағы кенттердің бірінде ер адам анасын, әкесін және сіңлісін өлтіргені туралы ақпарат тараған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

2026 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік кәсіпорындарда жаңа еңбек ережелері енгізіледі

Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес – сарапшылар дабыл қағуда

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Мұрағат ісі мен ветеринария мамандарына еңбек жағдайы үшін үстемақы белгіленді