Нөсер жаңбыр, бұршақ пен жел: Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: unsplash
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 2026 жылғы 9 сәуірге дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен батысында тұман түседі. Күндіз солтүстік пен оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай болады, оңтүстігінде нөсер жаңбыр күтіледі. Шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай.

Павлодар облысында күндіз жаңбыр, найзағай.

Жетісу облысында түнде және таңертең оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Ақмола облысында түнде батысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында нөсер жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 15–20 м/с.

Ақтөбе облысында түнде шығысында нөсер жаңбыр жауады.

Жамбыл облысында түнде және таңертең оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман. Күндіз оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Облыстың батысы мен солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары. Таразда түнде және таңертең тұман, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ болады.

Алматы облысында түнде және таңертең оңтүстігінде, тау бөктері мен таулы аймақтарда найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстігінде және тау бөктерінде қысқа мерзімді жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с, шығысында кейде 24 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Алматыда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, желдің екпіні 15 м/с. Қонаевта күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, жел 15–20 м/с. Іле Алатауының таулы аймақтарында жауын-шашын, найзағай, жел 18 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысында жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15–18 м/с. Атырауда да жаңбыр, найзағай күтіледі.

Ұлытау облысында түнде жаңбыр, найзағай. Күндіз солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және орталығында тұман. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман, күндіз жаңбыр, найзағай.

Қарағанды облысында түнде және таңертең солтүстігі мен оңтүстігінде тұман. Күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–18 м/с. Облыстың оңтүстігі мен батысында өрт қаупі жоғары. Қарағандыда жаңбыр, найзағай күтіледі.

Қостанай облысында түнде батысында, оңтүстігінде және шығысында жауын-шашын, кей жерлерде нөсер. Күндіз жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай, жел 15–20 м/с.

Қызылорда облысында түнде және таңертең солтүстігінде және орталығында тұман. Күндіз солтүстігінде және орталығында найзағай, дауылды жел (шквал) күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Шығысында өрт қаупі жоғары. Қызылордада найзағай болады.

Абай облысында түнде және таңертең солтүстігінде тұман. Күндіз батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай. Солтүстік және солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстігінде тұман. Өскеменде де түнде және таңертең тұман болады.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман. Күндіз солтүстік-батысында жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с. Ақтауда түнде кей уақыттарда тұман.

Батыс Қазақстан облысында түнде батысында нөсер жаңбыр. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман.

Түркістан облысында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман. Күндіз батысында, солтүстігінде және таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Облыстың батысы мен солтүстігінде өрт қаупі жоғары. Түркістанда түнде найзағай, желдің екпіні 15–20 м/с.

Бұған дейін 2026 жылғы 9-11 сәуір аралығында ауа райы қандай болатыны туралы болжамды ұсынған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі