Декреттік төлемдер: қазақстандық әйелдер құжат тапсыру жайлы нені білуі керек

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 9 сәуірде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" баспасөз қызметі декреттік төлемдерді қашан рәсімдеуге болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған Қазақстан тұрғынының сұрағы себеп болған. Ол декреттік демалысқа шыққанын, бірақ әлі төлемдерге құжат тапсырмағанын айтқан.

"Қазір декреттік төлемдерді рәсімдей аламын ба?" – деп сұрады әйел.

Мамандар төлемдерді тағайындауға өтінішті декреттік демалысқа шыққаннан кейін беруге болатынын атап өтті.

"Ол үшін ХҚКО-ға жүгіну немесе электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беру қажет. Құжат ретінде жүктілік пен босануға байланысты берілген еңбекке жарамсыздық парағы, жеке куәлік және банк реквизиттері ұсынылуы тиіс", – делінген хабарламада.

Корпорацияның мәліметінше, төлемдер құжаттар тапсырылғаннан кейін тағайындалады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі

ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жапон даласында шырқалмақ

Көлік министрлігіне жаңа функциялар жүктелді