Ақтөбеде прашюті ашылмай қаза тапқан курсанттың өліміне жауаптылар сотталды

Фото: Zakon.kz
Ақтөбе облысында парашютпен секірген кезде қаза тапқан курсанттың өліміне қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК дерегіне сүйенсек, қайғылы оқиға былтыр шілдеде болған. Ол кезде курсант Бақыт Асарбаев Ми-8 тікұшағынан шамамен 800 метр биіктіктен секірген. Алайда негізгі парашют ашылмай қалады. Кейін курсантқа берілген парашюттің талапқа сай болмағаны анықталды. Онда автоматты түрде ашылатын сақтандыру құрылғысы орнатылмаған. Бұл жағдай қауіпсіздік ережелерінің өрескел бұзылғанын көрсетті.

Ақтөбе гарнизонының әскери сотында әскери әуе күштері әскери даярлық басқармасының аға офицері Нұржан Айденов пен взвод командирі Заманбек Төлеген жауап берді. Олар үкім шыққанға дейін үй қамақта болды. Тек нақты жаза кесілгенде ғана сот залынан қамауға алынды. Бірі төрт жарым жыл, екіншісі бес жыл бостандығынан айрылды.

Бұған дейін Алматыда автобус пен екі жүк көлігі қатысқан жол апаты болғанын жазғанбыз

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент: Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 150 млрд доллардан асты

Алматыда 19 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап, мерт болды

Әбенов: Конституциялық реформаның маңызды бағыты – шығармашылық еркіндік, сөз бостандығы болуы тиіс

ШҚО-да жоғалған сәби аман-есен табылып, ата-анасына табысталды

Арал ауданында түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт іске қосылды