Алматыда ірі аяқталмаған құрылыс нысаны сот шешімімен сүріліп жатыр

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыдағы Қалалық жоспарлау бақылау басқармасы Сейфуллин даңғылы, 348 мекенжайында орналасқан 5 қабатты ғимараттың сүріліп жатқанын хабарлады.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

Кейін басқарма аяқталмаған құрылысты бұзу туралы талап арызды Алматының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолдаған.

Сот талап арызды қанағаттандырып, қалалық сот бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

2025 жылы 21 шілдеде Әділет департаментінде атқарушылық іс жүргізу қозғалды.

Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті