Ақтөбеде биыл қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін іздеуде жүрген 15 адам ұсталды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 376 адамның хабар-ошарсыз жоғалу дерегі тіркелді, оның 161-і — кәмелетке толмағандар.

Із-түзсіз кеткендердің барлығы табылып, үйлеріне қайтарылды. Тек Мәртөк ауданында жоғалған бір баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда. Статистикаға сәйкес, алғашқы тәулікте адамды табу ықтималдығы 95%-ды құрайды.

Бұл ретте жоғалу туралы арыздар бірден қабылданады — үш тәулік күту талап етілмейді. Арызбен жақын маңдағы полиция бөліміне немесе "102" нөмірі арқылы жүгінуге болады.

Полиция қызметкерлері арызды дереу қабылдауға міндетті, әсіресе егер бала, қарт адам немесе ерекше күтімді қажет ететін азамат жоғалған жағдайда.

Көп жағдайда іздестіру жұмыстары еріктілер ұйымдарымен бірлесіп жүргізіледі. Олардың көмегі жоғалғандарды жедел табуда маңызды рөл атқарады. Азаматтардың жоғалуына көбіне тұрмыстық жанжалдар, өз бетінше кетіп қалу және өзге де өмірлік жағдайлар себеп болады.

Кәмелетке толмағандар, әдетте, ата-аналарымен түсініспеушілік салдарынан үйден кетеді. Сонымен қатар, жыл басынан бері полиция қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін іздеуде жүрген 15 адамды ұстады.

Ақтөбе
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі