Жамбыл облысында мас жүргізуші полициядан қашпақ болды

Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері ВАЗ автокөлігін тоқтатуға әрекет жасаған. Алайда жүргізуші құқық қорғау органдарының заңды талабына бағынбай, қашып кетуге тырысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, күдік тудырған әрекеттеріне байланысты жүргізуші медициналық куәландырудан өткізіліп, оның орта дәрежедегі алкогольдік мас күйде болғаны анықталды.

"Тексеру барысында белгілі болғандай, аталған азамат бұған дейін де жауапкершілікке тартылған. 2024 жылы Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ол 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Соған қарамастан, ер адам қайтадан мас күйінде көлік тізгіндеген". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.

Жалпы, жыл басынан бері Жамбыл облысында мас күйде көлік басқарғаны үшін 291 жүргізуші жауапкершілікке тартылған.

Бұған дейін Алматыда көлік шығарындыларына бақылау ерекше назарда екенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды