Алматыда 19 сәуір күні Әл-Фараби мен Абай даңғылдары жабылады: жүргізушілер нені ескерген жөн

Фото: Zakon.kz
2026 жылдың 19 сәуірінде Алматы қаласында Алматылық жартылай марафон өтеді. Аталған күні полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауды, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жүгіру бағыты бойынша жол қозғалысын реттеуді жүзеге асырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы полициясының мәліметінше, іс-шараға байланысты қала көшелерінің бірқатар бөлігінде уақытша қозғалыс шектеулері енгізіледі. Атап айтқанда,

  1. сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылының солтүстік бөлігі Розыбакиев көшесінен Мұстафин көшесіне дейін жабылады.
  2. 06:45-тен 09:45-ке дейін осы даңғылдың солтүстік бөлігі Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін шектеледі.
  3. 07:10-нан 09:05-ке дейін Сейфуллин даңғылы бойында (Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін) қозғалыс шектеледі.
  4. 07:20-дан 09:15-ке дейін Абай даңғылының оңтүстік бөлігінде (Сейфуллин даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейін) жабылады.
  5. 08:30-дан 10:20-ға дейін Саин көшесінің шығыс бөлігі (Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін) жабылады.
  6. 08:50-ден 11:15-ке дейін Абай даңғылының оңтүстік бөлігінде (Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін) қозғалысқа шектеу қойылады.
"Алматы қаласының полициясы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, бағыттарын алдын ала жоспарлауға және жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін полиция Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында апатты жағдай туындатқан бір топ жүргізушіні ұстағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады