Жетісу облысындағы тас жолда лазерлік сызықтар пайда болды

Сурет: бейнежазба скриншоты
Үшарал–Достық бағытындағы республикалық маңызы бар автожолда лазерлік сүйемелдеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа жүйе автожолдың 13-шақырымында іске қосылды. Оның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілердің зейінін арттыру, әсіресе көріну деңгейі төмен жағдайларда. Өңірлегі полиция мәліметінше, жол жабынына проекцияланатын лазерлік сызықтар айқын визуалды бағдар беріп, жүргізушілерге өз жолағын дұрыс ұстауға және ұзақ жолда назарын жоғалтпауға көмектеседі.

Аталған технология әсіресе түнгі уақытта тиімділігін көрсетеді. Лазер сәулесінің айқын түсі жүргізушінің шаршауын азайтып, рөлде қалғып кету қаупін төмендетеді – бұл қала сыртындағы жолдарда жиі кездесетін қауіпті факторлардың бірі.

Полицияда атап өткендей, мұндай шешімдерді енгізу – жол-көлік оқиғаларын азайту және жүргізу мәдениетін арттыру бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

Бұған дейін полиция Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында апатты жағдай туындатқан бір топ жүргізушіні ұстағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру тәртібі өзгерді

Пробация инспекторлары ес-түссіз жатқан сотталған азаматтың өмірін сақтап қалды

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен: Алматы облысындағы ХҚКО қызметкеріне қатысты дау