Қазақстандағы үшінші және төртінші АЭС қандай болуы мүмкін екені белгілі болды

Фото: pixabay
2026 жылғы 20 сәуірде Мәжіліс кулуарында Атом энергетикасы агенттігі төрағасының орынбасары Асет Махамбетов атом электр станцияларын салу жоспарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол елде төртінші АЭС салу жоспарланғанын растады.

"Бірнеше күн бұрын мемлекет басшысы атом саласын 2050 жылға дейін дамыту стратегиясын бекітті. Құжатта бірнеше АЭС салу қарастырылған. Үшінші және төртінші станциялар бойынша әзірге нақты мәлімет айта алмаймын. Алайда бір АЭС үшін шағын модульдік реакторларды, сондай-ақ қуаты шағын және орта реакторларды қолдану мүмкіндігі қарастырылып жатыр", – деді Махамбетов.

Сонымен қатар ол үшінші және төртінші станциялардың қай жерде салынатынын нақтылай алмады.

"Үшінші және төртінші АЭС қай жерде салынатынын әзірге айта алмаймын. Барлығы болашақтағы қажеттілікке байланысты болады", – деп қосты спикер.

Бұған дейін Қазақстанның белгіленген мерзімде АЭС салып үлгеріп-үлгермеу әлеуеті жайлы жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін