Жаңа Конституцияда адам капиталын дамыту–стратегиялық басымдық: Үкіметте инклюзивті саясат мәселелері қаралды

Фото: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инклюзивті саясатты жүзеге асыру шаралары қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саясатқа ерекше мән беріп отырғанын атап өтті.

"Жаңа Конституцияда адам капиталын дамыту, мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау, баршаға тең мүмкіндік беру және қолжетімді орта қалыптастыру мемлекеттің стратегиялық басым бағыттары ретінде айқын көрсетілген. Біздің міндетіміз – мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсету", – деді Олжас Бектенов.

Осы бағытта Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2030 жылға дейінгі Инклюзивті саясат тұжырымдамасын қабылдаған.

Инклюзивті саясат: атқарылып жатқан жұмыстар

Отырыста Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев және өзге де жауапты тұлғалар баяндама жасады.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар шамамен 752 мың адам тұрады, бұл ел халқының 3,7%-ын құрайды. Олардың жартысынан астамы еңбекке қабілетті жаста.

Жиында инклюзивті орта құру азаматтардың қызметтер мен инфрақұрылымға тең қолжетімділігін қамтамасыз етіп, қоғам өміріне толыққанды қатысуына жағдай жасау қажеттігі атап өтілді.

Проблемалар да бар

Сонымен қатар Премьер-министр өңірлерде бірқатар жүйелі мәселелердің сақталып отырғанын айтты. Атап айтқанда, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың барлығы бірдей оқумен қамтылмай отыр, ПМПК-ға кезек ұзақ, ал кей өңірлерде арнайы мамандар жетіспейді.

Сондай-ақ логопед, сурдолог, реабилитолог тапшылығы бар, ал педагогтардың практикалық дайындығы жеткіліксіз екені айтылды. Оқу-ағарту министрлігіне мұғалімдерге арналған арнайы оқыту курстарын тұрақты түрде ұйымдастыру тапсырылды.

Инфрақұрылым мәселесінде де кемшіліктер бар. Мектептер, вокзалдар мен әуежайларда қолжетімді орта толық қамтамасыз етілмеген, ал нысандарды бейімдеу кей жағдайда формалды түрде жүзеге асырылатыны атап өтілді.

Үкімет берген тапсырмалар

Отырыс қорытындысында Премьер-министр бірқатар нақты тапсырма берді:

Барлық мемлекеттік органдарға бұл бағытта үйлесімді жұмыс жүргізу тапсырылды.

Жұмысты үйлестіру Аида Балаева жүктелді.

Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі