23 сәуірде Қазақстанда екпінді жел мен нөсер жауын күтіледі

Фото: unsplash
2026 жылғы 23 сәуір, бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен қалыптасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, бұл күні найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

"Елдің солтүстік-шығысында, орталығында және оңтүстігінде нөсер жаңбыр болжанады", – делінген Қазгидромет хабарламасында.

Сонымен қатар, кейбір өңірлерде жел күшейеді. Республика аумағында желдің екпіні артып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл мен екпінді жел соғуы мүмкін.

Батыс, солтүстік және оңтүстік таулы аймақтарда тұман түсуі ықтимал.

Сондай-ақ мамандардың болжамынша, түнде Ақтөбе облысының шығысында, Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде -2…-3°C дейін үсік жүреді.

Кейбір өңірлерде өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады:

Бұған дейін 23-25 сәуірде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында күтілетін ауа райы болжамын ұсынған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы