ШҚО-да зират үстінен салынып жатқан аурухана жұртты шулатты

Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысында ескі зираттың үстінен аурухана салынып жатыр. Енді шашылған адам сүйектерін көрген бұқара, шенеуніктерден құрылысты тоқтатуды талап етуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК мәліметіне сүйенсек, Шемонаиха қаласында аудандық аурухананың инфекция бөлімшесінің жаңа корпусының құрылысы басталған. Алайда жер телімі ескі зираттың үстінен түскен. Ал жұрт бұл қорымға өткен ғасырда жұқпалы індеттен көз жұмған адамдар жерленгенін айтады. Олар құрылыс алаңынан шыққан топырақ арасынан ондаған адамның сүйегін тауып алған. Сондықтан тұрғындар аурухана құрылысына үзілді-кесілді қарсы. Ал шенеуніктер табылған адам сүйектері далада қалмай, шариғат заңымен қайта көмілетінін айтып отыр.

"Әр жылдары бұл аумақта құрылыс жүргізілді. Соның ішінде аудандық ауруханада салынды. Мұндай жағдайлар бұған дейінде кездесті. Полицияның қортындысы бойынша табылған сүйектер қайта жерлеуге жатады. Олардың тарихи құндылығы жоқ".Қымбат Мұхамадиева, ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің маманы:

Бұған дейін Түркістан облысында жарысқа бара жатқан үш жас спортшы жол апатынан қаза тапқанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді