Ербол Тасжүреков ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Сурет: primeminister.kz
2026 жылғы 29 сәуірде әлеуметтік желілерде ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің қызметінен кеткені туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдері оның қызметтен кету себебін де түсіндірді.


"Ербол Тасжүреков ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен өз өтініші бойынша, басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Ербол Тасжүреков 1979 жылғы 25 маусымда Тараз қаласында дүниеге келген. Ол М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы жекеменшік компанияда менеджер болып бастаған. Әр жылдары түрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. Сондай-ақ Астананың Алматы аудандық сотында қызмет атқарған, кейін таратылған Өңірлік даму министрлігінің департаменттерінде басшылық лауазымдарда болған.

Ұлттық экономика министрлігінде департамент директорларының орынбасары қызметін атқарған. 2018 жылдан бастап таратылған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, кейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары болған.

2019 жылғы сәуір мен 2021 жылғы маусым аралығында "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-да басқарушы директор – басқарма мүшесі қызметін атқарды.

Ербол Тасжүреков 2023 жылғы ақпанда ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі