Синоптиктер Астана мен Көкшетау тұрғындарына ескерту жасады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 3 мамырда екі қала тұрғындарын ауа сапасының нашарлауына байланысты ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" болжамынша, 3 мамырда түнде Астана және Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай жағдайда қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автожолдардың немесе басқа да ластану көздерінің маңында азырақ жүргені жөн. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары сырқаттары мен аллергиясы бар адамдар сыртқа шыққанда өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруге тиіс.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда

Алиментті кім және не үшін төлеуі тиіс?

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды