Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрілер тізімін жаңартты

Фото: pexels
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізіміне өзгерістер енгізу туралы жобаны әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаға сәйкес, клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген 23 инновациялық дәрі 16 түрлі ауру түрі (нозология) бойынша тізімге қосылады.

Атап айтқанда, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар балаларды емдеуге Ивабрадин және Сакубитрил/Валсартан препараты енгізіледі.

Ауыр бронхиалды астмаға шалдыққан науқастар үшін Омализумаб дәрісі қарастырылған.

Сонымен қатар, ювенильді артритті емдеу мүмкіндіктері кеңейтіліп, тізімге Канакинумаб, Тоцилизумаб, Голимумаб және Адалимумаб препараттары енгізілмек.

Жалпы, жаңартылған тізімге 23 инновациялық дәрі қосылады. Сонымен бірге, қазіргі емдеу стандарттарына сай келмейтін бірқатар дәрілер тізімнен шығарылып отыр. Бұл амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімділігін арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Министрлік мәліметінше, өзгерістер Формулярлық комиссияның шешімдеріне негізделген және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған. Нәтижесінде пациенттер заманауи клиникалық ұсынымдарға сай ем алатын болады.

Жаңартылған тізім қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында 20 мамырға дейін орналастырылған.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады

Алматы жасөспірімдері қандай кітап оқиды – сұхбат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы – толық мәтін