ДСМ дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың шекті бағаларын нақтылауға қатысты түзетулер әзірледі

Фото: Zakon.kz
ҚР ДСМ кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сауда атаулары бойынша шекті бағаларды қайта қарау жөнінде өзгерістер жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік дәрі-дәрмек бағасын белгілеудің қолданыстағы тетігін нақтылап, оны жетілдіруді көздеп отыр.

Жобаға сәйкес, антипсихотикалық, онкологиялық және өзге де терапиялық топтарға жататын 5 дәрілік атау бойынша өзгерістер енгізіледі. Сонымен қатар, Бірыңғай дистрибьютор тізіміне жаңадан енгізілген 2 дәрілік атау қосылады.

Ведомство бұл өзгерістердің техникалық сипатта екенін атап өтіп, олардың негізгі мақсаты — баға белгілеу жүйесін жетілдіру, дәрілік заттардың халық үшін қолжетімділігін арттыру.

Жоба министрліктің Формулярлық комиссиясының қолданыстағы қағидалары мен ұсынымдарына сәйкес әзірленген.

Министрліктің мәліметінше, енгізіліп отырған түзетулер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінде тұрақтылық пен болжамдылықты күшейтіп, халықтың ем алу мүмкіндігі мен мемлекеттік қаражатты тиімді пайдаланудың арасындағы теңгерімді сақтауға мүмкіндік береді.

Құжат "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылау үшін 20 мамырға дейін орналастырылған.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін