Мерзімді әскери қызмет және несиелер: әскери қызметшілерге қандай қаржылық кепілдіктер бар

Фото: akorda.kz
Қазақстанда мамыр айынан қазанға дейін мерзімді әскери қызметке және әскери жиындарға кезекті шақыру өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көптеген жастар үшін ең маңызды сұрақтардың бірі – несие міндеттемелері: қызмет кезінде қолданыстағы несиелермен не болады және бұл қарыз жүктемесінің артуына әкелмей ме?

Қазір бұл мәселе заң жүзінде реттелген. Мерзімді әскери қызметшілер үшін арнайы қаржылық қорғаныс шаралары қарастырылған. Олар несие жүктемесін уақытша жеңілдетіп, қызметті алаңсыз өткеруге мүмкіндік береді.

Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің әлеуметтік жобалар және қаржылық сауаттылықты арттыру департаментінің директоры Александр Терентьев түсіндіріп берді.

Несиелер қызмет кезінде автоматты түрде тоқтатылады

2024 жылғы тамыздан бастап Қазақстанда "Банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" заңдарға енгізілген өзгерістер күшіне енді. Соған сәйкес мерзімді әскери қызметшілерге банк несиелері мен микронесиелер бойынша міндетті түрде кейінге қалдыру беріледі.

Бұл жүйе автоматты түрде жұмыс істейді: қызмет кезеңінде негізгі қарызды да, оған есептелген пайыздарды да төлеу тоқтатылады. Сонымен қатар осы уақытта пайыздар, айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді. Яғни қарыз көлемі іс жүзінде ұлғаймайды.

Қызмет аяқталғаннан кейін де тағы 60 күн бойы жеңілдік кезеңі сақталады. Бұл әскери қызметшінің үйреншікті төлем кестесіне бірден емес, біртіндеп оралуына көмектеседі.

Маңыздысы – әскерге шақырылған азамат банкке барып, өтініш жазып немесе құжат жинап әуре болмайды. Барлығы мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде жүзеге асады.

Қарыз өндіру де уақытша тоқтатылады

Заңда қарызы өндіріп алу кезеңіне өтіп кеткен азаматтарға да қорғаныс қарастырылған.

Егер әскерге дейін несие бойынша сот шешімі шығып, атқарушылық жазба рәсімделіп немесе қарызды өтеу туралы келісім жасалған болса, бұл процестер де қызмет кезеңінде толық тоқтатылады.

Бұл әскери қызметші немесе оның отбасы мүшелері үшін қаржылық қысымның сақталмауына мүмкіндік береді. Яғни мемлекет уақытша "үзіліс" беріп, міндеттемелерді кейін реттеуге жағдай жасайды.

Әскердегі азаматтарға жаңа несие берілмейді

2025 жылғы 31 тамыздан бастап тағы бір маңызды шектеу енгізілді: банктер мен микроқаржы ұйымдары мерзімді әскери қызметшілерге жаңа несие бермейді.

Несие рәсімдеу кезінде қаржы ұйымдары клиенттің мәртебесін кредиттік бюро арқылы тексереді. Егер адам әскери қызметші ретінде тіркелсе, оған жаңа қарыз берілмейді.

Бұл шара қызмет кезінде адамның қосымша қарызға батпауын қамтамасыз ету үшін енгізілген.

Бұл өзгерістер не үшін маңызды

Бұрын әскери қызмет кезінде несиелер әдеттегі режимде жүре беретін: пайыздар, айыппұлдар есептеліп, төлем міндеті ата-анасы немесе жақындарына жүктелетін.

Нәтижесінде қарыз өсіп, несие тарихы нашарлап, отбасыға қосымша салмақ түсетін.

Қазір бұл мәселе шешілді. Қызмет кезінде қаржылық тұрғыда "үзіліс" беріледі: төлемдер тоқтайды, жаңа қарыз алынбайды, ал өндіріп алу шаралары жүргізілмейді.

Әскерден кейін нені ескеру керек

Айта кету керек, бұл – қарызды кешіру емес, тек уақытша кейінге қалдыру.

Қызмет аяқталған соң міндеттемелер сақталады. Демобилизациядан кейінгі 60 күндік жеңілдік кезеңінен кейін несиені төлеу қайта басталады.

Сондықтан қызметтен кейін өз қаржылық жағдайыңызды алдын ала бағалап, қажет болса банкпен байланысып, төлемдерді қайта бастауға дайындалған жөн.

Қосымша әлеуметтік кепілдіктер

Несие жеңілдіктерінен бөлек, мемлекет басқа да қолдау шараларын ұсынады.

Әскерге шақырылған азаматтың жұмыс орны сақталады. Сонымен қатар тамақ, тұрғын орын және медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі.

Бұл шаралар қызмет кезеңіндегі қаржылық әрі тұрмыстық жүктемені азайтады.

Әскерге шақырылушыларға кеңес

Әскерге барар алдында:

Әскерден кейін:

Қорыта айтқанда, бүгінде мерзімді әскери қызмет бұрынғыдай қаржылық қиындықтар туғызбайды. Қолданыстағы шаралар әскери қызметшілерге қызметін алаңсыз өткізуге мүмкіндік береді: бұл уақытта пайыздар, айыппұлдар және жаңа қарыздар жиналмайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі