Қазақстанда газды тұтынуды бақылауды күшейтпек

Мажилис Парламента РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2026 16:14 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 6 мамырда Мәжіліс депутаттары палатаның пленарлық отырысында газбен жабдықтау және электр энергетикасы мәселелері бойынша заң жобасын қабылдап, құжатты Сенаттың қарауына жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат Вера Кимнің айтуынша, заң жобасының негізгі нормалары газды үнемді тұтынуды ынталандыруға, оны есепке алуды цифрландыру мен ашықтығын арттыруға, газ тарату ұйымдарының қызметін мемлекеттік реттеуге, баға қалыптастыру әдістерін өзгертуге, сондай-ақ газдандыруға арналған бюджеттік жобаларды іске асыруды бақылауды күшейтуге бағытталған.

Сонымен қатар заң жобасында келесі мәселелер де реттеледі:

  • газ тарату жүйесі арқылы тауарлық газды бір мезгілде екі немесе одан да көп газ тарату ұйымының тасымалдауына тыйым салу;
  • газ тарату ұйымдарына магистральдық газ құбырына тікелей қосылу талаптарын белгілеу;
  • газ тарату жүйесінің жекелеген нысандарын салуға мүмкіндік беру.
"Мемлекет басшысының деректерді өңдеу орталықтарының алқабын құру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында депутаттар энергия өндіруші ұйымдардың қосалқы жабдықтарына қатысты инвестициялық келісімдер жасау мүмкіндігін қарастыратын өзгерістерді ұсынды", – деді Вера Ким.

Бұған дейін ІІМ Алматыдағы екі жасөспірімнің қазасына қатысты пікір білдіргенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: