Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда газ тарифтері жаңаша есептелуі мүмкін

Қазақстанда газ тарифтері жаңаша есептелуі мүмкін , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2024 11:27 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Мәжіліс депутаттары 19 маусымда өткен жалпы отырыста газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемді тұтыну мәселелері жөніндегі заң жобасын қарастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин газ саласы мәселелері бойынша түзетулер туралы айтып берді.

"Газ саласы бойынша ұлттық оператор тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылысын жобалауға арналған тапсырмаларды және олардың жобалау-сметалық құжаттамасымен келісетін болады. Сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылыс жобаларына техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Сонымен қатар, газды үнемді пайдалануды ынталандыру, ішкі нарықта сату кезінде газды есепке алудың ашықтығы мен автоматтандырылуын қамтамасыз етеді. Жеке газ тарату ұйымдарының қызметін мемлекеттік реттеу және тариф қалыптастырудың жаңа әдістерін енгізеді", - деді Еділ Жаңбыршин.

Айта кетейік, 2024 жылғы 12 маусымда Ақордада Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған газ бағасын көтеру жоспары туралы айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: