Екібастұзда жүргізуші автокөлігіне картоннан нөмір жасап алған

Сурет: polisia.kz
Екібастұзда жалған мемлекеттік нөмір пайдаланған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Екібастұзда полицейлер көлік ағынынан ерекше көзге түскен автокөлікті тоқтатты. Белгілі болғандай, жүргізуші мемлекеттік нөмірдің көшірмесін жасатуға қаражат жұмсамау үшін оны кәдімгі картон мен қара маркердің көмегімен өз бетінше дайындаған.

Алайда мұндай "шығармашылық" заң алдындағы жауапкершіліктен құтқара алмады.

Полицейлер қолдан жасалған "дизайнды" бағаламай, құқық бұзушылыққа қатысты тиісті шара қолданды.

"Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Материалдар сотқа жолданды", – дейді полицейлер.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады