Дзюдошылар Камила Берліқаш пен Марат Байқамуров Астанадағы Grand Slam турнирінің финалына шықты

Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан құрамасының екі өкілі Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің ақтық сынына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Камила Берліқаш 78 келіден жоғары салмақтың жартылай финалында отандасы Аида Тойшыбекованы жеңді. Осылайша ақтық сында ресейлік Элис Старцевамен күреседі. Ал Аида Тойшыбекова қола жүлде үшін өтетін бәсекеде италиялық Тизиана Маринимен белдеседі.

Сондай-ақ 100 келіге дейінгі салмақта Марат Байқамуров жартылай финалда нидерландтық Михаэль Коррелді жеңді. Оның ақтық сындағы қарсыласы молдовалық Вадим Гимбовски болмақ.

Ал Айдар Арапов 90 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде франциялық Алекса Митровичтен басым түсті. Енді ол нидерландтық Франк де Витпен қола жүлдені өзара сарапқа салады.

Сонымен қатар Екатерина Токарева 78 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде литвалық Мигле Юлия Дуденайтені жеңді. Осылайша ол қола жүлде үшін өтетін белдесуде франциялық Лиз Нгелебеямен күш сынасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды