Үсік, бұршақ, дауыл: 11 мамырда қай өңірлерлер ескерту жасалды

Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 11 мамырда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысында жаңбыр, облыстың шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ. Түнде және таңертен облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт каупі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт каупі сақталады.

Алматы облысында жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда жаңбыр, найзағай, түнде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-18 м/с. Қонаевта кей уақытта жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 11 мамырда жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 18-23 м/с.

Атырау облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 11 мамырда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Өскеменде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Қостанайда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада түнде жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда түнде топырақтың бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, түнде облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік- батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 11 мамырда түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 11 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі Петропавлда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі