Атыраудағы отбасы қазасы: күдіктінің әйелі кісі өлтіргені үшін сотталмайды

Фото: Zakon.kz
Атырау облысының прокуратурасы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында бір отбасы мүшелерін өлтіру фактісі бойынша жүргізіліп жатқан қылмыстық істің жаңа деректерін хабарлады, толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ретінде танылған адамның жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева кісі өлтіруге қатысы жоқ деп танылған. Сондықтан оған қатысты кісі өлтіру бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылған. Дегенмен, оның үстінен қылмыс туралы хабарламағаны (жасырып қалғаны) бойынша бөлек іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

"Ол кісі өлтіру фактісіне қатысы болмағандықтан, бұл бап бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылды. Ал қылмыс туралы хабарламау дерегі бойынша жеке іс тіркелді. Алайда бұл бойынша әлі құқықтық баға берілген жоқ. Ақбаян Мұқанғалиева іс бойынша күдікті ретінде танылмайды. Оған бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ. Қылмыс туралы хабарламау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бөлек өндірісте жүргізілуде", – деді қадағалау органы.

Ведомство сондай-ақ оның әрекеттеріне қатысты түпкілікті құқықтық баға Алматыда жүргізілген психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысы алынғаннан кейін берілетінін нақтылады. Қазіргі уақытта сараптама қорытындысы прокуратураға түспеген. Ақбаян Мұқанғалиева Атырау облыстық психиатриялық орталығында ем қабылдап жатыр.

Сонымен қатар прокуратура қаза тапқандардың денесін туыстары немесе жергілікті тұрғындар тапты деген ақпаратты жоққа шығарды. Ресми дерек бойынша, мәйіттерді оқиға орнын тексеру кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтаған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, Наурыз Мұқанғалиевтің өлімі 2025 жылдың мамыр айында, ал қалған отбасы мүшелерінің қазасы 2025 жылдың қараша айында болған. Тергеу қорытындысы бойынша, қылмыстарды күдікті Сарсемалиев жалғыз өзі жасаған. Сот-психологиялық-психиатриялық сараптамаға сәйкес, ол есі дұрыс деп танылып, өз әрекетінің мәнін түсіне алатын жағдайда болған.

Қылмыстық істі тергеу аяқталған. Сот процесі 2026 жылғы 18 мамырға белгіленген.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы