Қазақстанда қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау бойынша жаңа шешім қабылданды

Фото: freepik
2026 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау туралы маңызды хабарлама жасады, деп жазады Zakon.kz.

Комитеттің мәліметінше, енді адам папилломасы вирусына қарсы екпе 14–17 жас аралығындағы қыздарға да қолжетімді болады.

Осыған байланысты, АПВ-мен байланысты онкологиялық аурулардың даму қаупін төмендетуге бағытталған профилактикалық шараларды одан әрі күшейту, сондай-ақ жасөспірімдерді қосымша қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 13 мамырдағы № 7 "Қазақстан Республикасында 14–17 жас (қоса алғанда) аралығындағы қыздарға АПВға қарсы қосымша вакцинация жүргізу туралы" қаулысына қол қойылды. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Қаулыға сәйкес АПВ-ға қарсы вакцинация 14 жастан 17 жас 11 ай 29 күнге дейінгі қыздарға ерікті негізде жүргізіледі.

Айта кету керек, вакцинация егілушінің немесе ата-анасының (заңды өкілінің) ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін білім беру ұйымдарының медициналық кабинеттерінде немесе тіркелген жері бойынша емханаларда жүргізіледі.

Қосымша вакцинация АПВ-ға қарсы вакцинаның қолда бар қорлары есебінен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 11 жастағы қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы жоспарлы вакцинациялау, сондай-ақ 12–13 жастағы қыздарды толықтыра иммундау жалғасуда.

Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша республика бойынша 11–13 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы 398 мыңнан астам профилактикалық екпе жүргізілді, оның ішінде 248 мыңы бірінші дозамен, 150 мыңы екінші дозамен егілді. Егілгендер арасында иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.

Бұдан бөлек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне АПВ-ға қарсы вакцинациялауға жататын контингентті кеңейту мәселесі бойынша азаматтардан өтініштер түсуде.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі