Алматыда бір көшеде түнде қозғалыс шектеледі

Фото: Zakon.kz
Алматыда Бекмаханов көшесінің бір бөлігінде түнде қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылы 14 мамыр сағат 23:00-ден 15 мамыр сағат 06:00-ге дейін Алматының Түрксіб ауданында Бекмаханов көшесі бойымен Лавренев көшесінен "Qazaq Energy Charge" жанармай құю станциясына бұрылысқа дейінгі аралықта автокөліктер қозғалысы екі бағытта да уақытша жабылады.

Бұл туралы "Алматы жылу желілері" ЖШС өкілдері хабарлады.

Уақытша шектеу асфальт жабынының шөгуіне байланысты жолдың асфальт-бетон қабатын қалпына келтіру жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.

Қала тұрғындары мен жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, аталған учаскені айналып өтудің балама бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады