Павлодар облысында әйел бес баласымен жол апатына түсті

Фото: primeminister.kz
Павлодар облысында анасы мен оның бес баласы жол-көлік оқиғасы салдарынан ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар-Онлайн басылымының жазуынша, апат 13 мамыр күні Қызылорда – Павлодар тасжолының Айнакөл ауылы маңында болған. Оқиғаға жолға шыққан жылқы себеп болған.

"Оқиға туралы хабар 22:00 шамасында "103" қызметіне түсті. Оқиға орнына Апаттар медицинасы орталығының жедел әрекет ету бригадасы шұғыл жетті. Дәрігерлер алты зардап шегушіні – әйел адам мен 2 жастан 12 жасқа дейінгі бес баланы қарап шықты. Барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілді", – деп хабарлады ТЖД.

Тексеруден кейін балалар анасымен бірге Апаттар медицинасы орталығының трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Қазір олар дәрігерлердің бақылауында болып, әрі қарай ем қабылдап жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін