Алматыда көшедегі жабайы саудаға тосқауыл қойылуда

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы қаласында белгіленбеген орындарда жүзеге асырылатын заңсыз сауданы анықтау және оның жолын кесу жұмыстары күшейтілді.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты — қаладағы санитарлық тазалықты сақтау, экологиялық және әкімшілік талаптардың орындалуын бақылау, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру. Рейдтік және профилактикалық жұмыстар мегаполистің барлық ауданында тұрақты түрде жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері әкімшілік аумақтарды аралап, заңсыз сауда фактілерін анықтап, тиісті шаралар қабылдауда. Заңсыз орналастырылған стационарлық емес сауда нысандарының иелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы (Абаттандыру қағидаларын бұзу) және 204-бабы (Белгіленбеген орындарда сауда жасау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылуда.

Сонымен қатар тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Уәкілетті органдармен бірлесіп заңсыз орнатылған сауда нысандары, сондай-ақ түрлі автоматтар мен өзге де құрылғыларды демонтаждау жұмыстары атқарылуда.

Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

"Заңсыз сауда тек құқық бұзушылық емес, сонымен бірге қаланың санитарлық жағдайына және тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан мұндай фактілердің жолын кесу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі," — деді ол.

Аталған бағыттағы шаралар Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін