Қазақстандықтарды Құрбан айт пен Ораза айт мерекесін ұлттық нақышта атап өтуге шақырды

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды Құрбан айт пен Ораза айт мерекесін дәстүрімізге сай ұлттық нақыштармен өткізуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 мамырда елорда да өткен баспасөз мәслихатында ҚМДБ төрағасы барша қазақстандықты игі бастамаға белсенде түрде атсалысуға шақырды.

"Жыл басында еліміздегі барша дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамамда қос ұлық мейрамдарымыз – Құрбан айт пен Ораза айтты дәстүрімізге сай қоғамдық деңгейде атап өту қажеттігін жеткіздім. Алла қаласа, айт күндері "Құрбан айт – ұлық мереке" тақырыбында республикалық деңгейде игі іс-шаралар ұйымдастырылады",- деп мәлімдеді ол.

Оның айтуынша, облыстық, қалалық және аудандық мешіттердің ауласында киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен арнайы сайыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, жер-жерде мәдени-рухани кештер өткізіледі.

"Осы ретте еліміздегі барша жамағатты ұлттық киімдерімізді киіп, айт мерекесін дәстүрімізге сай ұлттық нақыштармен өткізуге, игі бастамаларымызға белсенді түрде атсалысуға шақырамын",- деді ҚМДБ төрағасы.

Айта кетейік, 2026 жылғы Құрбан айт мерекесі 27 мамырда басталады, бұл күні қазақстандықтар мейрамға байланысты демалады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Мені кісі өлтіруге мәжбүрледі": Атыраудағы қанды қылмысқа күдікті Сәрсемәлиев сотта мәлімдеме жасады

Алматы әуежайы уақытша бір кіреберісін жабады

ШҚО-да ауруханада өзін агрессивті ұстап, тәртіп сақшыларын балағаттаған ер адам жауапқа тартылды

"Үсік жүреді". Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Талдықорғанда студентті мектеп оқушысы пышақтап өлтірді