БҚО-да мал бағып жүрген ұлын іздеп шыққан әйел жоғалып кетті

Сурет: polisia.kz
20 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Сатым ауылы маңындағы далада орын алған оқиға жергілікті тұрғын үшін қиын сынаққа айналды. Мал бағып жүрген ұлын іздеп шыққан әйел бағытынан жаңылып, үйіне орала алмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 20:59-да қоңырау түсті. Ер адам анасының жоғалып кеткенін хабарлап, дереу көмек сұраған. Осыдан кейін іздестіру шаралары шұғыл түрде ұйымдастырылды.

Оқиға орнына Теректі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен ТЖД бөлімшелері жұмылдырылды. Түнгі уақыт, кең дала аумағы және бағдардың болмауы іздеу жұмыстарын едәуір қиындатты. Соған қарамастан, аумақты тексеру таң атқанға дейін үздіксіз жалғасты.

Кейін анықталғандай, әйел түскі уақытта ұлын көру үшін далаға шыққан. Алайда жолынан адасып, түнді ашық аспан астында өткізуге мәжбүр болған.

21 мамыр күні таңертең жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер әйелді даладан тапты. Ол аман-есен үйіне жеткізілді, медициналық көмек қажет болмады.

Жоғалған әйел мен оның жақындары полиция қызметкерлеріне жедел әрі нәтижелі әрекеті, табандылығы және бейжай қарамағаны үшін алғыс білдірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде "Қазақстан Халық Кеңесі" туралы Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Амнистия аясында бірнеше миллиард теңгенің айыппұлы кешірілуі мүмкін

Алматы полициясы Сәуле Базарханның клиникадағы қазасына қатысты пікір білдірді