Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жалғасып келеді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда көктемгі маусымда тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігін күшейту және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында демалыс күнгі жәрмеңкелер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жұмыстарды "Алматы" ӘКК" АҚ өткізіп отыр.

Жәрмеңкеде Алматы қаласының және Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай, Жамбыл аудандарының, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының тауар өндірушілерінің өнімі ұсынылған.

Сауда алаңдарында 1000-нан астам азық-түлік өнімі қойылған.

2026 жылдың басынан бері жәрмеңкелерде шамамен 8,5 мың тонна азық-түлік өнімі сатылған. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары да бар. Бүгінде демалыс күнгі жәрмеңкелерге 60 мыңнан астам адам келген. Бұл форматтың қала тұрғындары арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2026 жылы 16 мамырдан бастап Жетісу ауданындағы Құлагер шағынауданында жаңа жәрмеңке жұмысын бастады. Алдағы уақытта жәрмеңкелердің ауқымын кеңейтіп, қаланың барлық 8 ауданын қамту жоспарланып отыр.

Жәрмеңке әр сенбі және жексенбі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:

Сонымен қатар "Алматы" ӘКК" АҚ Бостандық ауданындағы ("Қазақфильм" шағынауданы) және Әуезов ауданындағы демалыс күнгі жәрмеңкесін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жобаны сауда алаңдарын санитарлық, сәулеттік және инфрақұрылымдық талаптарға сәйкестендіруге, сондай-ақ қала тұрғындары үшін азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі тіркелді

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

Көлсайда жылан шаққан 16 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді

Астанада жеңіл автокөлік отқа оранды - видео

Алматыда тұрғындар күдікті ер адамды ұстап, полицияға тапсырды