Атырау облысында полиция бекіре тұқымдас балықтардың заңсыз айналымының жолын кесті

Сурет: polisia.kz
Атырау облысында браконьерлік пен балық өнімдерінің заңсыз айналымының жолын кесуге, сондай-ақ Каспий өңірінің биоресурстарын қорғауға бағытталған "Бекіре–2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы тұрақты түрде өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жуырда полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам балық өнімін тәркіледі. Оның ішінде 911 келіден астам бекіре тұқымдас балық және шамамен 1 келі бекіре уылдырығы бар.

Тәркіленген өнімнің барлығы "Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауытына" тапсырылды.

ЖПІШ басталғалы заңсыз балық аулау, сақтау, тасымалдау және балық өнімдерін өткізуге қатысты 152 құқық бұзушылық анықталды. Жеті қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сурет: polisia.kz

Сонымен қатар заңсыз аулауға арналған 19 құрал мен құқыққа қайшы әрекеттерде пайдаланылмақ болған 10 жүзу құралы тәркіленді.

Бұдан бөлек, полиция уәкілетті органдармен бірлесіп тұрғындар мен балық шаруашылығы субъектілерінің өкілдері арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Азаматтарға табиғатты қорғау заңнамасының талаптары мен балық өнімдерін заңсыз аулау және айналымға жіберу үшін қарастырылған жауапкершілік туралы ақпарат беріліп жатыр.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты

Димаш Құдайбергеннің әлемдік турына әр елдегі жанкүйерлері қазірден бастап дайындалып жатыр