Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді

Сурет: ҚР Энергетика министрлігі
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған дизель отынын бөлудің ашықтығын және оның қозғалысын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Энергетика министрлігі тарапынан бұған дейін бірқатар қосымша шаралар енгізілген болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, жеке ПИН-кодтар белгіленіп, отынды сары, көк және қызыл түстерге бояу жүйесі енгізілді, сондай-ақ электрондық шот-фактуралар жүйесінде дизель отынына арналған жеке виртуалды қойма құрылды.

"Қабылданған шаралар дизель отынын мақсатсыз пайдалану көлемін азайтуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, нақты тұтыну көлемі 729 мың тоннадан 602 мың тоннаға дейін төмендеп, 21 %-ға қысқарды",- деп атап өтті ведомство.

Атап өтілгендей, жеткізілімдер бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылып, ведомствоның тұрақты бақылауында.

Жыл басында Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері егіс науқанына арналған 402 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін бекітті. Жеткізілімдер ағымдағы жылдың 1 ақпаны мен 30 маусымы аралығында жүргізіледі.

Энергетика министрлігі ұсынған дизель отынының бағасы өңірлердегі жеткізу станциясына дейін ҚҚС-пен бірге литріне 263 теңгені құрайды. Соңғы бағаны өңірлік операторлар айқындайды және ол литріне 281 теңгеге дейін болуы мүмкін. Бұл орташа бөлшек сауда бағасынан 49 теңгеге немесе 15%-ға төмен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды