Саясат Нұрбек ҰБТ форматын қайта қарастыруға не түрткі екенін айтты

Сурет: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 26 мамырда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) форматын қайта қарастыруға не түрткі екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саясат Нұрбек қазір үкіметте негізгі ҰБТ-ны тапсыру көлемін екіден бірге дейін қысқарту қажет деген ұстаным қалыптасып отырғанын жеткізді.

"Мұның бірнеше себептері бар. Біріншіден, талапкерлер саны жылдан жылға артып келеді. Биылғы жылғы көлем ең көбісі – 215 мың адам. Салыстыра кетсек, мәселен 2025 жылы - 188 мың, ал 2024 жылы 160 мыңнан астам адам болған. Бірнеше жылдан кейін шыңды игеретін боламыз: жарты миллионға жуық. Мұндай көлемдегі тестті ұйымдастырудың өзі физикалық түрде қиынға соғады әрі ол бірнеше айға созылып кетеді. Қазірдің өзінде ол қаңтарда басталып, тамызға дейін өтеді, яғни ұйымдастырушылық жағынан мәселелер бар", - деді ол.

"Тест тапсырушыларға бұл ретте психологиялық қысым күшейе түспей ме" деген сұраққа министр былайша қысқа жауап берді:

"Уайымдамаңыздар! Бәрі жақсы болады".

Өз кезегінде Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова "мұғалімдер балалардың үнемі жанында болып, әрдайым қолдап отырады" деп сендірді.

Бұған дейін мектеп бітіру кештерін мейрамхана мен дәмханаларда тойлағандарды қандай жаза күтіп тұрғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Нұрбек Саясат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін