"Сіздің атыңызға несие рәсімделді": Ұлттық банк қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Ұлттық банкі (ҚҰБ) азаматтарды психологиялық қысым арқылы жасалатын телефон алаяқтығының жиілеген жағдайлары туралы ескертті. Бұл жөнінде монетарлық реттеушінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 29 мамырда мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, алаяқтар байланыс операторларының, медициналық ұйымдардың, пошта қызметтерінің және мемлекеттік қызметтер порталының қызметкерлері ретінде танысып, азаматтардың жеке кабинеттеріне, банк сервистеріне және қаржылық қаражатына қол жеткізуді көздейді.

Осыған байланысты Ұлттық банк алаяқтардың қолданатын схемасының қалай жұмыс істейтінін түсіндірді:

"Мұндай жағдайда ескеретін нәрсе бар. Әдетте, алаяқтар өз құрбанымен сөйлескенде телефон желісін үзбей ұстауға тырысады. Сол арқылы олар азаматтарға болып жатқан жағдайды саналы түрде бағалауға мүмкіндік бермей, туыстарымен де, ресми байланыс арналары арқылы мемлекеттік органдармен де кеңесу жолдарын шектейді." ҚР Ұлттық банкі

Осындай алаяқтық әрекеттердің көбеюіне байланысты Қазақстан Ұлттық Банкі азаматтарды күмәнді сілтемеге өтпеуге, SMS-кодты, банк картасының мәліметтері мен басқа да жеке деректерді үшінші тараптағы адамдарға бермеуге шақырады.

Өзін қандай да бір мемлекеттік органның немесе Ұлттық Банктің қызметкері ретінде таныстыратын бейтаныс біреуден қоңырау түскен жағдайда, әңгімені дереу тоқтатып, мән-жайды анықтау үшін әр азамат өз бетінше ресми нөмірлерге қоңырау шалып білгені жөн.

Қосымша хабарлаймыз, Ұлттық Банк қызметкерлері азаматтарға аудио-видеоқоңырау шалмайды, жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді және халықпен ақшалай есеп айырысу операцияларын жүргізбейді. ҚР Ұлттық банкі

Алаяқтық әрекетке тап болған жағдайда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына тиісті арызбен жүгінуге кеңес береміз. Консультация алу үшін 1477 қысқа нөмірі арқылы Ұлттық Банктің Байланыс орталығына хабарласуға болады.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады

18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді