Қазақстанды велосипедпен аралап жүрген саяхатшы Алматыға келді

Сурет: әлеуметтік желі
Қазақстанды велосипедпен аралап жүрген саяхатшы Алматыға келді. Оның сапары 20 сәуірде Ақтаудан басталған. Осы уақыт ішінде ол еліміздің батыс және оңтүстік өңірін аралап, шамамен 3800 шақырым жол жүріп өтіп, Алматыға табан тіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, бұл оның алып шаһарға алғаш келуі емес. Бұған дейін де Алматыда болған саяхатшы қала тұрғындарының қонақжайлығы мен табиғатының ерекше сұлулығын жоғары бағалайтынын айтты. Алда оны Астанаға жалғасатын жаңа бағыт күтіп тұр.

Саяхаттағы оның серігі – Орал есімді марғау. Бурлен Әділеттің айтуынша, бұл атаудың өзіндік символдық мәні бар. Ол туған қаласы Оралды, тарихи Отанына оралу идеясын және бүкіл саяхаттың рухани мазмұнын білдіреді. Саяхатшы бұл жолды жаңа тәжірибе жинап, елдің тарихы мен мәдениетін тереңірек танып-білуге мүмкіндік беретін ерекше сапар деп санайды.

Алматыда болған кезде Almaty Tourism Bureau командасы саяхатшыға қаланың негізгі туристік орындарын таныстырды. Олардың қатарында Шымбұлақ, Көктөбе және мегаполистің өзге де мәдени-тарихи нысандары бар.

"Менің мақсатым – Қазақстанның сұлулығын барынша көп адамға көрсету. Әр сапарымды камераға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаймын. Шетелде туып-өскен қазақтар өздерінің қандай әсем Отаны бар екенін көрсе деймін. Қазақстанды толық аралап, оның тарихы мен мәдениетін тереңірек танығым келеді", – деді Бүрлен Әділет.

Бүрлен Әділеттің бұл сапары жай ғана велосаяхат емес. Бұл ұлттық тамырымен қайта қауышып, Қазақстанды тың қырынан танып-білуге бағытталған ерекше жол.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Тоқаев суррогат ана қызметіне тапсырыс бере алатын азаматтарға қатысты заңға қол қойды

Денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстыққа байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады

Алматы мен Шымкентте аптап ыстыққа байланысты көшелерге су себіліп жатыр

Білім гранттарын тағайындау қағидаларына өзгерістер енгізілді