Қазақстаннан бензин мен дизельді мыңдаған партиямен заңсыз шығаруға тырысқан: ҰҚК дерегі

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы мұнай өнімдерінің заңсыз шығарылуын болдырмау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері өткізу пункттерінде жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің2400-ден астам фактісінің жолы кесілді.

"Алып қойылған өнімнің көлемі (бензин, дизель отыны, керосин және т.б.) 300 тоннадан аса құны шамамен 60 млн теңге". ҚР ҰҚК

Белгілі болғандай, кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып журген заңнамасына сәйкес жауапқа тартылды.

Бұған дейін ауқымды операция аясында Қазақстан мен Украина Одесса қаласындағы трансұлттық топқа соққы бергенін жазғанбыз.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған

Ақтөбедегі Неке сарайындағы әйелдің өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды