Алматыда көшелердің бірі шілде айына дейін жабылады

Фото: Zakon.kz
Алматыдағы Айнамалы көшесінде инженерлік желілер құрылысына байланысты қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

AlmatyJoly Telegram-арнасының ақпаратына сүйенсек, Алатау ауданындағы Теректі шағынауданында Айнамалы көшесінде (Мартөк көшесінен Орталық көшесіне дейінгі аралықта) су құбыры мен кәріз жүйесінің тарату желілерін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетіндіктен, 2026 жылы 3 маусым мен 3 шілде аралығында аталған учаскеде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Сурет: Telegram/AlmatyJoly

Жүргізушілер мен жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеру сұралды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілері, бағыттағыштар мен қоршаулар орнатылады.

Бұған дейін Бурабайға, Балқаш пен Алакөлге көлікпен қалай қай бағыттар арқылы жайлы жетуге болатындығын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін