Мемлекет басшысы "Айыппұлстан" жайлы мәлімдемелерге пікір білдірді

Фото: akorda.kz
Тоқаев 2026 жылғы 2 маусымда Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде "Таза Қазақстан" тұжырымдамасына тағы бір мәрте тоқталып өтті. Оның айтуынша, қалалар мен ауылдарды көркейту, аумақтарды көгалдандыру жұмысына әрдайым ерекше мән беру қажет, деп хабарлайды Zakon.kz.

️Мемлекет басшысы: "Заң мен тәртіпке құрметпен қарау– ең алдымен жауапкершілік сезімі жоғары азаматтарға тән айрықша болмыс"

Сондай-ақ ол экологиялық мәдениетті көтеру мәселесіне көңіл бөлген жөн екенін айтты.

"Әсіресе, адамдардың туристік нысандар мен табиғат аясындағы тәртібіне айрықша назар аудару маңызды. Тәртіп бұзушыларды, яғни, вандалдарды заңға сәйкес жауапқа тарту қажет. Бір сөзбен, құқықтық нигилизмге қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Заң мен тәртіпке құрметпен қарау дегеніміз – жазадан қорқу емес, бұл – ең алдымен жауапкершілік сезімі жоғары азаматтарға тән айрықша болмыс. Осы маңызды дүниені дұрыс түсінген жөн". Қасым-Жомарт Тоқаев

Оның айтуынша, қазіргі бұлыңғыр, әскери қақтығысқа толы заманда елімізге татулық пен тұрақтылық ауадай қажет.

"Онсыз ешқандай реформа, жалпы оң өзгеріс болмайды. Сондықтан құқық қорғау мекемелері заң бұзушылықтарға қатаң шаралар мен жазаларды қолдануы керек. Кейбір елімізді жақтырмайтын, менсінбейтін кісілер, өкінішке қарай, солардың ішінде Парламент депутаттары бар, құқықтық әрекеттерімізді "Штрафстан", "Айыппұлстан" деп атайды екен. Мейлі, өз ойларының келтелігін көрсете берсін". Мемлекет басшысы

Президенттің пікірінше, халқымызға қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік керек.

"Сондықтан біз осы жолдан таймаймыз, батыл түрде "Заң мен тәртіп" саясатын жүргіземіз. Себебі бұл – халқымыздың талабы, халқымыздың сұранысы. Бүкіл қоғам да, әкімдер де бұл мәселеге баса назар аударуы керек".Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін мемлекет басшысының Қонаев қаласының келбетін сынға алғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы облысы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы маңында есірткі зертханасы жойылды: күдікті өмір бойына түрмеге тоғытылуы мүмкін

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 2 маусымда қай өңірлерде ескерту жасалды

Алматыда мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережесі өзгерді

"Қар, бұршақ, тұман". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда 2025 жылы рақымшылық бойынша қанша адам бостандыққа шықты