"Қатты жел тұрады". Еліміз бойынша 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр, ауа райы болжамы, 24 қыркүйек, Қазақстан , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 18:43 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы бейсенбі, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан аумағында болатын синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, еліміздің батыс бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Қазақстанның шығыс бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа жел екпінің күшеюі жатқызылады, ал күндіз батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, түнде және таңертең еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түсуі мүмкін", делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, метеорологтардың мәліметінше, республикамыздың бірқатар өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:

  • жоғары өрт қаупі – Павлодар облысында, Қарағанды облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, Ақмола облысының шығысында, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында;
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында.

Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге (24-26 қыркүйек) арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: