Күздің лебі сезіледі: 24–26 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қалай өзгереді

Алматы, осень в Алматы, пасмурная погода в Алматы, тучи в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 16:06 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 24–26 қыркүйекке Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша жаңартылған ауа райы болжамын ұсынды. Үш қалада да күн салқындайды, ал Астана мен Шымкентте жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

  • 24 қыркүйек: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2–7 м/с, күндіз 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +19…+21°C.
  • 25 қыркүйек: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +13…+15°C.
  • 26 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +11…+13°C.

Алматы

  • 24 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C.
  • 25 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +23…+25°C.
  • 26 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +21…+23°C.

Шымкент

  • 24 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +27…+29°C.
  • 25 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.
  • 26 қыркүйек: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C.

Ел бойынша осы үш күнге арналған ауа райы болжамымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: