Салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі 24-25 қыркүйекте аяқталады

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 16:20 Фото: freepik
Қазақстанда 2026 жылғы 24, 25 қыркүйекте бірқатар салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Параграф" ақпараттық жүйесі 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін мына төлемдерді жасау қажет екенін еске салады:

  • 2026 жылғы тамызда төленген табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы (ЖТС):
  • қызметі Қазақстанда тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын бейрезиденттің шетелдік қызметкерлеріне, сондай-ақ Қазақстанда салық төлеуші ретінде тіркелмеген бейрезидент заңды тұлға Қазақстанға жіберген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға төленген табыстар бойынша.

Сондай-ақ 25 қыркүйектен кешіктірмей мына салықтар мен төлемдерді төлеу қажет:

  • 2026 жылғы қыркүйек айына корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша аванстық төлемдер;
  • 2026 жылғы тамызда резидентке төленген табыстан төлем көзінен ұсталған КТС;
  • салық агенттері төлем көзінен ұстайтын ЖТС:

- 2026 жылғы тамызда төленген табыстардан;

- бейрезидент жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған құн өсімінен түскен табыстарынан;

  • төлем көзінен ұсталған КТС:

- бейрезиденттің есептелген және төленген табысынан, сондай-ақ төленген аванс сомасы шегінде есептелген табысынан;

- 2026 жылғы тамызда резидент жеткізген тауарлар, көрсеткен қызметтер және орындаған жұмыстар бойынша міндеттемелер сомасы шегінде бейрезидентке есептелген табыстан;

- бейрезиденттің қаржылық қарыздар бойынша табысынан;

- бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған құн өсімінен түскен табысынан;

  • 2026 жылғы тамызда төленген табыстардан ЖТС:

- Қазақстандағы көздерден табыс алатын бейрезидент жеке тұлғалардан, оның ішінде резидент немесе бейрезидент жұмыс берушімен жасалған еңбек шарты (келісімшарт) бойынша Қазақстандағы қызметтен алынған табыстардан. 2025 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) бойынша өз бетінше төленетін ЖТС:

- жеке тұлға-резиденттер; Қазақстан Республикасының резидент еңбек иммигранттары.

- 2026 жылғы тамыз айына өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі (АСР) бойынша ЖТС

2026 жылғы тамыз айына әлеуметтік салық

Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем:

  • 2026 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей төленетін ағымдағы төлем;
  • Қазақстанда қызмет жүзеге асырмайтын және салық төлеуші ретінде тіркелмеген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және бейрезидент заңды тұлғалар 2026 жылғы тамызда рұқсат алған кезде төлейтін төлем.

Қалааралық немесе халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлем: 25 қыркүйектен кешіктірмей төленетін ағымдағы төлем.

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем:

  • кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын және ақылы жер пайдалану құқығымен алынған жер учаскелері бойынша жеке тұлғаларға — егер уақытша ақылы жер пайдалану шарты 2026 жылғы тамызда жасалған болса;
  • уақытша ақылы жер пайдалану шартының мерзімі 2026 жылғы тамызда аяқталған немесе шарт бұзылған жағдайда.

Сонымен қатар:

  • 2026 жылғы қыркүйек айына сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем; 2026 жылғы тамыз айына бірыңғай төлем;
  • міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ): 2026 жылғы тамызда қызметкерлер мен азаматтық-құқықтық шарттар (АҚШ) бойынша жеке тұлғаларға төленген табыстардан ұсталған;
  • жеке кәсіпкерлер (ЖК), шаруа немесе фермер қожалықтары (ШФҚ), жеке практикамен айналысатын адамдардың тамызда алған табыстарынан өз пайдасына төлейтін;
  • сақтандыру ұйымы тамызда сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде төлейтін;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР қолданатын жеке тұлғалардың 2026 жылғы тамызда төленген табыстары бойынша төлейтін;
  • интернет-платформа операторы 2026 жылғы тамызда төленген табыстар бойынша төлейтін;
  • Қазақстан аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалардың өз бетінше төлейтін жарналары:
  • салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсетуге арналған АҚШ бойынша;
  • Қазақстанда аккредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріндегі жұмыстан алынған табыстар бойынша.

Бұдан бөлек:

  • міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) — 2026 жылғы тамызда қызметкерлерге төленген табыстар бойынша есептелген;
  • жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) — тамызда қызметкерлерге төленген, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдар мен ЖК алған табыстар бойынша есептелген;
  • әлеуметтік аударымдар:

- 2026 жылғы тамызда есептелген табыстар бойынша;

- тамызда АҚШ бойынша жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) үшін алынған табыстар бойынша;

- тамызда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР бойынша алынған табыстар бойынша;

- МӘМС-ке аударымдар — 2026 жылғы тамызда қызметкерлерге төленген табыстар бойынша;

МӘМС жарналары:

- тамызда қызметкерлерге, жеке тұлғаларға және АҚШ бойынша жеке көмекшілерге төленген табыстардан ұсталған;

- ЖК мен жеке практикамен айналысатын адамдардың тамыздағы жарна есептеу объектісінен өз пайдасына төлейтін;

- дербес төлеушілердің 2026 жылғы тамыздағы жарна есептеу объектісінен өз бетінше төлейтін жарналары.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: