24 және 27 шілдеде бірқатар салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі аяқталады

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2026 11:55 Фото: freepik
Қазақстанда 2026 жылғы 24 және 27 шілдеде бірқатар салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Параграф" ақпараттық жүйесі салық төлеушілерге мына төлемдерді уақытылы төлеу қажет екенін еске салды.

25 шілдеге дейін:

  • шетелдік персоналға төленген табыстан ұсталатын жеке табыс салығы (ЖТС).

27 шілдеден кешіктірмей:

2026 жылғы шілде айы үшін:

  • корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша аванстық төлемдер;
  • сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.

2026 жылғы маусым айы үшін:

  • төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы (КТС) мен жеке табыс салығы (ЖТС);
  • әлеуметтік салық;
  • бірыңғай төлем;
  • міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  • міндетті зейнетақы жарналарының жұмыс беруші жарналары (МЗЖЖБ);
  • міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ);
  • әлеуметтік аударымдар;
  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар (МӘМС).

Сонымен қатар:

  • жер учаскесін пайдалану туралы шарт маусым айында жасалған жағдайда жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы;
  • рұқсат маусым айында алынған болса, радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы төленуі тиіс.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: