Астана, Алматы және Шымкентте жаңбыр жауады, алайда аптап ыстық +38 градусқа дейін жетеді

Дождь, дожди, осадки, зонтик, зонт, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2026 14:56 Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 24, 25 және 26 шілдеге арналған Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері үш мегаполисте жаңбыр мен найзағай күтіледі. Дегенмен, кей өңірлерде ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріледі.

Астанадағы ауа райы

24 шілде: құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +25...+27°C.

25 шілде: құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +27...+29°C.

26 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +30...+32°C.

Алматыдағы ауа райы

24 шілде: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кей уақытта екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +29...+31°C.

25 шілде: құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел солтүстік, солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C.

26 шілде: құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік, солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +29...+31°C.

Шымкенттегі ауа райы

24 шілде: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +33...+35°C.

25 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +34...+36°C.

26 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +36...+38°C.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанға аптап ыстық қайта оралатынын ескерткен болатын. Мамандардың болжамынша, 2026 жылғы 23-25 шілде аралығында еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасы +44°C-қа дейін көтерілсе, кей аймақтарда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: