Қазақстанда қайтадан +42°С ыстық болады

Сильная жара, лето, высокая температура, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2026 17:18 Фото: unsplash
2026 жылғы 24 шілде, жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны найзағай ойнап, жаңбыр әкеледі. Елдің солтүстік, шығыс, орталық және оңтүстік-шығыс өңірлерінде қатты нөсер жаууы мүмкін.

Сондай-ақ жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында тұман түсуі ықтимал.

Сонымен қатар Қазақстанның батысында аптап ыстық сақталады.

Күндіз ауа температурасы:

  • Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында және Қостанай облысының оңтүстігінде +35…+39°С;
  • Маңғыстау облысында +38…+42°С дейін көтеріледі.

Жауын-шашынға қарамастан, елдің бірқатар өңірлерінде өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады.

Қауіпті аймақтарға Қазақстанның оңтүстік, батыс, шығыс және орталық облыстары жатады. Оның ішінде Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: