Қазақстанда қайтадан 41 градусқа дейінгі аптап ыстық болады

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2026 13:41 Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 7, 8 және 9 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялап, алдағы күндері елде ауа райы құбылмалы болатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

7-9 шілде аралығында Қазақстанның батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

7-8 шілдеде жауын-шашын солтүстік пен орталық өңірлерде де түседі. 7 шілдеде орталық және шығыс аймақтарда нөсер жаңбыр жауады. 8 шілдеде батыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, ал 9 шілдеде еліміздің батысында нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Кей жерлерде екпіні күшті жел соғып, бұршақ түсуі мүмкін.

Сонымен қатар батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерде жел күшейеді болжанып отыр.

Алдағы күндері ауа температурасы біртіндеп көтеріледі:

  • еліміздің солтүстік-батысы мен орталық өңірлерінде аптап ыстық 35-39 градусқа дейін күшейеді;
  • жекелеген аудандарда 41 градусқа дейінгі аптап ыстық болады;
  • солтүстік өңірлерде ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі.

Еліміздің қалған аумағында ауа температурасына айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: