41 градусқа дейін ыстық: синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 26 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Елдің батысы мен шығысында нөсер жаңбыр жауып, дауылды жел тұрады.
Сонымен қатар республика бойынша жел күшейеді. Батыс пен солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстарында, Жетісу және Ұлытау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық болып, ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Ал Түркістан облысында күн 40-41 градусқа дейін ысиды.
Бұдан бөлек, еліміздің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript